Жаңалықтар
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы!
Мектебімізде 0–4 сынып оқушылары арасында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, дәстүр мен салтқа бай мерекелік Наурыз тойы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының әдет-ғұрыптарын таныстырып, ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әр сынып өз өнерлерін көрсетіп, ұйымшылдық пен белсенділіктің үлгісін көрсетті.
Бұл мереке – жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, халқымыздың бай мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған маңызды шара болды.
Көктеммен бірге келген Ұлыстың ұлы күні баршаңызға құт-береке, молшылық әкелсін!