№4 жалпы білім беретін мектепте 6-сынып оқушылары үшін Білім-Инновация лицейі өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында лицей мұғалімдері оқу үдерісі, білім беру ерекшеліктері мен оқушыларға жасалатын мүмкіндіктер туралы кеңінен таныстырды. Сонымен қатар, лицейдегі білім сапасы, тәрбие бағыты және оқушылардың жан-жақты дамуына арналған бағдарламалар жайлы ақпарат берілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Кездесу еркін әрі қызықты форматта өтіп, балаларға ерекше әсер қалдырды.
№4 жалпы білім беретін мектепте 9–11 сынып оқушыларына арналған профориентациялық кездесу өтті. Іс-шараға медициналық колледж өкілдері арнайы келіп, оқушыларға медицина саласындағы мамандықтар туралы кеңінен ақпарат берді.
Кездесу барысында оқушылар дәрігер, мейіргер, фельдшер сияқты мамандықтардың ерекшеліктерімен танысып, оқу үдерісі мен қабылдау талаптары жайлы білді. Сонымен қатар, медицина саласының жауапкершілігі мен қоғамдағы маңызы ерекше екені атап өтілді.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.
“Мемлекеттің болашақ көшбасшылары” волейбол жарысы
Мемлекеттік қызмет апталығы аясында №4 жалпы білім беретін мектепте 9–10 сынып оқушылары арасында “Мемлекеттің болашақ көшбасшылары” атты волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Жарыс барысында оқушылар өзара тартысты ойын көрсетіп, ептілік пен командалық рухтың жоғары деңгейін көрсетті.
1 орын – 9 «Ә» сынып
2 орын – 10 сынып
3 орын – 9 «А» сынып
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | 2024-2025 оқу жылына арналған кәсіптік бағдар беру жұмысының | |
| 2 | Агробизнес колледж |
“Мемлекеттік қызмет: миссиясы, құндылықтары мен болашағы”
Абай облысы оқушылары арасында мемлекеттік қызметтің маңыздылығын түсіндіру және ерте кәсіптік бағдар беру мақсатында №4 жалпы білім беретін мектепте 9–10 сынып оқушыларына арналған танымдық дәріс өткізілді.
Дәріс барысында оқушылар мемлекеттік қызметтің негізгі миссиясы мен құндылықтары туралы маңызды ақпараттар алды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі дайындаған бейнероликтер көрсетіліп, адалдық пен әділдік қағидаттарының маңызы кеңінен түсіндірілді.
Оқушыларға жас мемлекеттік қызметшілер мектебі туралы да арнайы бейнеролик ұсынылып, болашақта мемлекеттік салада қызмет етуге қызығушылықтары артты.
Іс-шара соңында мектеп директоры Қ.М. Малгаждарова сөз сөйлеп, бүгінгі дәрістің маңыздылығын атап өтіп, оқушыларға болашақ мамандық таңдауда дұрыс бағыт тіледі.
Осындай тағылымды кездесулер жастардың саналы таңдау жасауына және ел болашағына жауапкершілікпен қарауына үлкен ықпал етеді.
9 сынып оқушыларымен «Менің кәсібім – менің бизнесім» тақырыбында мазмұнды әңгімелесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай кәсіп түрлерін анықтауға қадам жасады.
Әңгімелесу барысында өз кәсібін үлкен бизнеске айналдырған әлемдік және қазақстандық кәсіпкерлер туралы айтылып, олардың жетістікке жету жолдары мысал ретінде келтірілді. Бұл оқушыларға шабыт беріп, кәсіпкерлікке деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар, жеке іс бастау жолдары мен табысты болудың негізгі қағидалары талқыланды.
Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.
#профориентация #мамандықтаңдау #болашақ #кәсіпкерлік
Мектебімізге Политехникалық колледж мамандары арнайы келіп, оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында колледж өкілдері өз оқу орындары туралы толық ақпарат беріп, мамандықтардың ерекшеліктерімен таныстырды. Оқушылар болашақ мамандық таңдау, еңбек нарығындағы сұраныс және оқу мүмкіндіктері жайлы пайдалы мәліметтер алды.
Мемлекеттік қызмет апталығы аясында мектебіміздін 11-сынып оқушылары қала әкімдігінде өткен "Ашык есік күні" іс-шарасына катысты.
Кездесу барысында қала әкімі оқушылармен жүздесіп, олардың белсенділігін жоғары бағалап, алғыс хаттар табыстады. Бұл оқушылар үшін үлкен мәртебе әрі болашаққа берілген сенім болды.
Іс-шара әрі карай әкімдік ғимаратына экскурсиямен жалғасып, оқушылар мемлекеттік қызметтін жұмысымен танысып, жаңа тәжірибе алды.
Мұндай кездесулер жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушлығын арттырып, олардың кәсіби бағдарын қалыптастыруға ықпал етеді.
Қайнар колледжі өкілдері мектебімізге келіп, тектеп табалдырығын аяқтайын деп отырған түлектермен профориентациялық кездесу өткізді.
Кездесудін мақсаты - оқушыларға болашақ, мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру, колледждегі білім беру мүмкіндіктерімен таныстыру және олардың кәсіби кызығушлықтарын анықтаута көмектесу болды.
Ic-шара барысында колледж мамандары оқу орындарының артыкшылыктары, мамандыктар тізімі, қабылдау шарттары мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берді.
Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың саналы түрде мамандық, тандауына үлкен ыкпал етеді.
№4 жалпы білім беретін мектепте 9-11 сынып оқушыларына арналған маңызды профориентациялык кездесу өтті. Ic-шараға жоғары гуманитарлық-заң және техникалық колледждерінін өкілдері арнайы келіп, оқушыларға мамандык, тандау бойынша бағыт-бағдар берді. Кездесу барысында колледж мамандары білім беру бағдарламалары, оқуға түсу шарттары мен болашақ
мамандықтардың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынды. Оқушылар өздерін қызыктырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Мұндай кездесулер жас түлектерге өз болашақтарын дұрыс жоспарлауға, мамандық, таңдауда саналы шешім қабылдауға үлкен мүмкіндік береді.


