15 наурыз – Қайырымдылық күні
Бүгін – мейірім мен жанашырлықтың күні!
Мектебімізде Наурызнама онкүндігі аясында «Қайырымдылық күні» ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздар игі істерге белсене атсалысты. Акция барысында жиналған көмектер мұқтаж отбасыға табысталып, шынайы қамқорлық пен жан жылуы сыйланды.
Қайырымдылық – үлкен жүректің ісі.
Әрбір жасалған жақсылық – қоғамға қосылған үлес!
Жақсылық жасап жарысайық!