Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Мектебімізде 8–11 сынып оқушылары арасында Наурыз мерекесіне арналған тағылымы мол іс-шара өтті.
Мереке барысында оқушылар халқымыздың бай салт-дәстүрлерін сахналап көрсетіп, ұлттық болмысымызды дәріптеді. Сонымен қатар, күй шертіліп, әсем әндер орындалып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Әр сынып өз өнерін жоғары деңгейде танытып, шығармашылық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті.
Бұл шара – жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген құрметін арттырып, рухани тәрбиесіне оң ықпал етті.
Наурыз – жаңару мен берекенің бастауы. Әр шаңыраққа шаттық пен молшылық әкелсін!