16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бүгін мектебімізде ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған ерекше күн өтті.
«Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» аясында оқушылар қазақтың салт-дәстүрлерін сахналап, олардың мән-мағынасын кеңінен таныстырды. Ұмытылмай келе жатқан дәстүрлер жаңғырып, көріністер арқылы көрермендерге әсерлі жеткізілді.
Сонымен қатар, ұлттық өнер насихатталып, оқушылар шығармашылық белсенділіктерін көрсетті.
Салт-дәстүр – ұлттың рухани коды, өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір.