Қалалық семинар: «Буллингтің алдын алу және мейірім мәдениеті»
26.02.2026 мектебіміздің базасында қала мектептерінің 1-11 сынып жетекшілеріне арналған тәжірибелік семинар өтті.
Семинар мақсаты: Сынып жетекшілерін буллингтің алдын алудың заманауи құралдарымен қаруландыру және оқушылар арасында өзара қолдауға негізделген мейірім мәдениетін қалыптастыру.
Жұмыс барысында қатысушылар «Сенімсіздік нысанасы» және «Кейс-стади» әдістері арқылы жасырын агрессияны анықтау мен оны тоқтатудың нақты педагогикалық алгоритмдерін модельдеп, мейірім мәдениетін енгізу жолдарын талқылады.
Семинар қорытындысы бойынша жиын қатысушылары мейірім мәдениетін қалыптастыру — заманауи тәрбие жүйесінің ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, өзара тәжірибе алмасты.