18 наурыз – Ұлттық киім күні
Бүгін – ұлттық нақыш пен әсемдікті ұлықтайтын күн!
Мектебімізде «Ұлттық киім күніне» орай оқушылар мен ұстаздар қазақы ою-өрнекпен безендірілген ұлттық киімдерді киіп, ерекше сән мен дәстүр үйлесімін көрсетті.
Бұл күн – ұлттық болмысымызды танытып, ата-бабадан қалған асыл мұраны дәріптеудің жарқын көрінісі болды.
Ұлттық киім – ұлттың айнасы, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі!