2026 жылғы 11 наурыз күні Курчатов қаласындағы №4 мектепте 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына арналған маңызды жиналыс өтті.
Жиналысқа мектеп директоры Малгаждарова Қарлығаш Малгаждаровна қатысып, “Қорытынды аттестаттау: маңызды ақпарат пен нақты қадамдар” тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Күн тәртібінде:
– Оқушылардың тоқсандық үлгерімі
– Қорытынды аттестаттау және мектеп бітіру емтихандары
– ҰБТ-ға дайындық жұмыстары
– Әртүрлі мәселелер қаралды
Жиналыс барысында мектеп психологі “Анаға хат” атты тренинг өткізіп, ата-аналарға ерекше әсер сыйлады.
Бірлескен жұмыс – оқушы жетістігінің кепілі!
Сынып жетекші: К.М. Дүйсенбаева