Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

9-сынып оқушыларымен «Менің кәсібім – менің бизнесім» тақырыбында мазмұнды әңгімелесу өткізілді. Кездесу барысында оқушылар болашақ мамандық таңдаудың маңыздылығын түсініп, өз қызығушылықтары мен қабілеттеріне сай кәсіп түрлерін анықтауға қадам жасады.

Әңгімелесу барысында өз кәсібін үлкен бизнеске айналдырған әлемдік және қазақстандық кәсіпкерлер туралы айтылып, олардың жетістікке жету жолдары мысал ретінде келтірілді. Бұл оқушыларға шабыт беріп, кәсіпкерлікке деген қызығушылықтарын арттырды. Сонымен қатар, жеке іс бастау жолдары мен табысты болудың негізгі қағидалары талқыланды.

Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісіп, болашаққа деген сенімдерін нығайтты.