Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

№4 жалпы білім беретін мектептің педагогикалық ұжымымен кәмелетке толмағандар арасында буллингтің, суицидтік мінез-құлықтың және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Кездесу барысында Жастар ресурстық орталығының мамандары қала прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелер мен олардың алдын алу шараларын талқылады. Оқушылардағы алаңдатарлық белгілерді дер кезінде анықтауда және қажетті қолдау көрсетуде педагогтердің рөліне ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ прокурор білім беру мекемесінің кіре берісінде бақылауды күшейту жөнінде, оқушылардың тыйым салынған заттарды алып кіруіне жол бермеу мақсатында тиісті ұсынымдар берді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты күшейту қажеттілігі атап өтілді.
Кеңес соңында қатысушылар балалар үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру мақсатында мектептің, құқық қорғау органдарының және жастар ұйымдарының бірлескен әрі жүйелі жұмысының маңыздылығын атап өтті.

-

С педагогическим коллективом СОШ №4 проведено рабочее совещание по вопросам профилактики буллинга, суицидального поведения и лудомании среди несовершеннолетних.
В ходе встречи специалисты Молодежного ресурсного центра совместно с представителями прокуратуры города провели разъяснительную работу, обсудили актуальные проблемы среди подростков и меры их предупреждения. Особое внимание было уделено роли педагогов в своевременном выявлении тревожных признаков у учащихся и оказании необходимой поддержки.
Также прокурором были даны рекомендации по усилению контроля на входе в образовательное учреждение с целью недопущения пронесения учащимися запрещённых веществ. Отдельно отмечена необходимость активизации профилактической работы по предупреждению наркомании среди подростков.
В завершение совещания участники подчеркнули важность совместной и системной работы школы, правоохранительных органов и молодежных организаций для создания безопасной и благоприятной среды для детей.