17 наурыз – Шаңырақ күні
Бүгін – отбасы құндылықтарын дәріптейтін Шаңырақ күні!
Мектебімізде ата-аналармен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып, «Ата өсиеті», «Әже даналығы» сияқты тағылымды кездесулер өтті. Ұлттық киім киген ата-аналар балаларға ақ батасын беріп, тәрбиелік мәні зор шаралар өткізілді.
Оқушылар түрлі шығармашылық, спорттық және танымдық ойындарға қатысып, мерекелік көңіл-күйге бөленді.
Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі!