2026 жылдың наурыз айының 13 күні Көрісу күні 10 сынып оқушыларының ұйымдастырылуымен аталып өтілді. Қазақ халқының көне дәстүрлі мерекелерінің бірі. Ол жыл сайын 14 наурызда тойланады.
Бұл күн батыс аймақтарда «Амал күні» немесе «Көрісу күні» деп аталады.
Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен қауышып, амандық сұрасып, жаңа жылдың басталуын қарсы алатын дәстүр. Бұл күнді халық «Жыл басы» деп те есептеген.
Адамдар бір-біріне барып, «Жасың құтты болсын!», «Бір жасыңмен!» деп құттықтайды. Көрісу амалы – достықты, бірлікті, сыйластықты нығайтатын мереке. Бұл дәстүр адамдарды жақындастырып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелейді.