9 “А” сынып оқушылары «Желідегі қауіпсіздік» тақырыбында бейнеролик түсірді.
Бейнероликте интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану және жеке ақпаратты қорғау бойынша кеңестер берілді.
Бұл жұмыс оқушылардың саналы цифрлық мәдениетін қалыптастырып, интернетті қауіпсіз әрі тиімді пайдалану дағдысын дамытуға бағытталды.
Мақсаты:
Оқушылардың желідегі қауіпсіздік туралы білімін арттыру, интернетті саналы әрі жауапкершілікпен пайдалану дағдысын қалыптастыру, киберқауіптердің алдын алу жөнінде түсінік беру.
#желідегіқауіпсіздік2025