Бүгін мектебімізде «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Жұмысшы мамандықтар жылы» тақырыбымен кәсіби бағдар беруші маман мен 11-сынып оқушыларының кездесуі өтті.
Кездесу барысында маман еңбекқорлықтың маңызын атап өтіп, жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы рөлі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Оқушылар өз болашақ кәсібін саналы түрде таңдаудың маңызын түсінді.
