13.11.2025 ж. біздің мектебіміздің ұйымдастыруымен, құқық қорғау органдарымен қала мектептірінің
кәмелетке толмаған оқушыларға арналған танымдық кездесу өтті
Кездесуге Курчатов қ. прокуратурасының аға прокуроры Рымгалиев Дархан Арманұлы
Курчатов қ. ПБ ҚҚБ ӘЗЗҚТ инспекторы, полиция аға лейтенанты Елжас Думанұлы Ғылымханов қатысты
Аға прокурор заңсыз сақталған, тасымалданған және таратылған никотин өнімдері мен электрондық тұтыну жүйелеріне қатысты жауапкершілік мәселелерін түсіндіріп, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті
Полиция инспекторы «Буллинг және дропперлер: өзіңді жоғалтып алмау?» тақырыбында сөз сөйлеп, интернеттегі қауіп-қатерлер, буллингтің алдын алу жолдары және қауіпсіз мінез-құлық туралы құнды ақпарат ұсынды
Кездесудің негізгі мақсаттары:
Оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру
Заң алдындағы жеке жауапкершілікті түсіндіру
Зиянды әдеттердің алдын алу және никотин өнімдерінен қорғау
Буллинг пен интернет-қатерлерге қарсы иммунитет қалыптастыру
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау