Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Мектеп тәлімгері Бейсембинова Ш.М. 9 “А” сынып оқушыларымен бірге «Рухани келісім күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында оқушылар рухани келісімнің қоғамдағы орны, түрлі ұлттар мен дін өкілдерінің өзара түсіністікте өмір сүруінің маңызы жайында ой бөлісті. 
Тәлімгер бейбітшілік пен достықтың адамзат өміріндегі рөлін атап өтіп, рухани келісімнің – ел дамуы мен тұрақтылығының басты кепілі екенін түсіндірді. 

Оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, мысалдар келтіріп, рухани құндылықтардың адамның ішкі мәдениетіне, мінез-құлқына және қарым-қатынасына әсер ететінін талқылады. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында ізгілік, сыйластық және жауапкершілік қасиеттерін қалыптастырады. 

Мақсаты:
Оқушылардың рухани келісім, толеранттылық және өзара сыйластық туралы түсініктерін кеңейту; қоғамда бейбітшілік пен бірлікті сақтау құндылықтарын насихаттау; оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке және тату өмір сүруге тәрбиелеу.