2025 жылдың 29 қазан күні Семей қаласында «Alikhan Bokeikhan University»-де балалар мен жасөспірімдер қозғалысының облыстық көшбасшыларының «Әрекет уақыты» тақырыбында құрылтайы өтті.
Құрылтайға мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері қатысып, өздеріне құнды мәлімметтер алып қайтты.
Құрылтайға облыстың әр өңірінен келген 60 жас көшбасшы қатысып, көшбасшылық, еріктілік және экологиялық бағыттар бойынша тәжірибе алмасты.
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік “Дарын” орталығының директорының орынбасары Карипбаева Лаура Толегеновна қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі.
Құрылтай – жастардың өз әлеуетін танытып, жаңа идеялармен бөлісіп, қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашқан маңызды алаң болды.
Әрекет уақыты – болашаққа бағытталған нақты қадам!