Мектебімізде 11-сынып оқушыларымен «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында бейне-лекторий өткізілді.
Іс-шара барысында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіптің маңызы және әр азаматтың жауапкершілігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушылар бейнематериалдарды талқылап, өз ой-пікірлерімен бөлісіп, құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары жөнінде тұжырым жасады.
Бейне-лекторийдің мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу және саналы азаматтық ұстаным қалыптастыру.
