Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің “№4 орта мектебі” КММ 7–11 сынып оқушылары “Заң және тәртіп” республикалық акциясына белсенді түрде қатысты.
Іс-шара шеңберінде оқушылар “Заң және тәртіп – бейбітшілік пен әділеттілікке бастар жол” тақырыбында бірыңғай мазмұндама жазды.
Акцияның басты мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін көтеру, заңдарға деген құрметін арттыру және құқықтық тәртіпті сақтау жауапкершілігін қалыптастыру.