«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
Үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 3Ә сынып оқушылары қоңырау уақытында қазақтың ұлттық ойыны — «Бес тас» ойынын ойнады.
Мақсаты:
Оқушыларға ұлттық ойындарды таныстыру, оларды ұлттың мәдени мұрасы ретінде құрметтеуге тәрбиелеу, қолдың ептілігін, шапшаңдықты, ойлау қабілетін дамыту және үзіліс уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу.
Балалар ойын арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасап, ұлттық құндылықтарды бойына сіңірді.