Бүгін 08.10.2025 ж мектебімізде Жастар ресурстық орталығының маманы және қалалық ішкі саясат бөлімінің бас маманымен бірлесе отырып 8-11 сынып оқушыларымен “Ұлтаралық татулық пен келісім”тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Шара барысында оқушыларға қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықтың маңызы түсіндіріліп, толеранттылық құндылықтары кеңінен айтылды.
Сонымен қатар, тарих пәнінің мұғалімі Жанузаков А.А осы тақырыпта мазмұнды баяндама жасап, ұлтаралық келісімнің ел тұрақтылығындағы рөліне тоқталды.