«Әлемдік келісім картасы»
5-6 сынып оқушыларына «Әлемдік келісім картасы» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушыларды достыққа, бірлікке және өзара сыйластыққа баулу. Балаларға бейбітшіліктің маңызын түсіндіріп, жат қылықтар мен теріс әрекеттерден сақтану жолдарын үйрету.
Интерактивті ойын барысында оқушылар әлемдегі тыныштықты сақтау үшін өздері қандай үлес қоса алатынын талқылады. Балалар түрлі түсті қағаздан «жақсы тілек алақандарын» жасап, ортақ Әлем картасын құрастырды.