Курчатов қаласында жастар командалары арасында қалалық КТК турнирі өтті.
Іс-шара белсенді де талантты жастарды біріктіріп, әр команда сахнаға өз көңіл-күйін, энергиясын және бірегей стилін алып шықты.
Жарысқа қатысушыларға ізгі лебізін жолдаған Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Баймурзаев Асет Асхатұлы жастар арасында шығармашылық дамудың және бастамашылдықтың маңыздылығын атап өтті.
Мектебіміздің «Жастар KZ» командасы жүлделі 2-орынға ие болды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Турнир жарқын эмоциялар сыйлап, жылы достық атмосфера қалыптастырды және қала жастарының энергиясы көрермендерді қаншалықты қуатты әрі шабыттандыратынын көрсетті.