Курчатов қаласында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына арналған қалалық әскери-спорттық ойындар өтті. Жарыс биылғы жылдың наурыз айында өтетін облыстық «Жас Ұлан» әскери-спорттық ойынына іріктеу кезеңі болып табылды.
Ойынға қаладағы жалпы білім беретін мектептердің төрт командасы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – №3 орта мектептің «Сардар» командасы;
II орын – №4 орта мектеп командасы;
III орынды – №1 және №2 орта мектептердің командалары өзара бөлісті.
Сондай-ақ жекелей есепте және әр түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, спорттық мінез-құлықты, күш-жігерлерін, төзімділік пен командалық рухтарын көрсете білді. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, көрермендердің зор қызығушылығын тудырды.
Іс-шараның құрметті қонақтары:
Курчатов қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, майор Жадигиров Адильжан Жадигирович;
қала ардагерлер кеңесінің төрағасы Галымжан Какимович;
Курчатов қаласының Жастар ресурстық орталығының директоры Мусатаева Айжан Мухаметкалиевна;
қала мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушылары болды.
Осындай іс-шараларды өткізу жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға және өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.