07 қараша күні мектебімізде 5–8 сыныптар арасында “Халықтар достығы – ел бірлігі” атты көріністер фестивалі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында этносаралық татулықты, толеранттылықты, өзара құрмет пен достықты қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан халқының бірлігі идеясын насихаттау болды.
Фестивальде әр сынып өздерінің шығармашылық қойылымдары арқылы түрлі ұлттардың салт-дәстүрін, мәдениеті мен өнерін көрсетті.
Бұл көріністер оқушыларға бейбітшілік пен бірліктің, татулық пен өзара сыйластықтың маңызын ұғындырды.