Қысқы демалыс кезеңінде оқушыларымыз «Қысқы демалыста кітап оқимыз» акциясына белсене қатысып, өздері оқыған көркем және танымдық кітаптарымен бөлісті.
Бұл бастама оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік берді.
Кітап оқу — тұлғаның жан-жақты дамуына, ой-өрісінің кеңеюіне және рухани байлығының артуына үлкен ықпал етеді.
Осындай мазмұнды іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Оқуға құштар жас ұрпақ — жарқын болашақ кепілі!
2 Ә сынып оқушысы