«Құрмет пен жеке шекаралар туралы кино»
Мектебімізде жоғары сынып оқушыларына қысқаметражды фильмдер көрсетіліп, одан кейін зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу және сталкинг тақырыптары бойынша ашық талқылау ұйымдастырылды.
Оқушылар фильмдер арқылы жеке шекараның маңызын, өзара құрметтің құндылығын және кез келген қысым көрсету әрекеттерінің салдарын түсінуге мүмкіндік алды. Талқылау барысында жастар өз ойларын еркін білдіріп, өмірлік жағдайларға байланысты пікір алмасты.
Мұндай кездесулер жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, өз қауіпсіздігін қорғауға, «жоқ» деп айта білуге және өзгелердің шекарасын құрметтеуге үйретеді.
Құрмет — кез келген қарым-қатынастың негізі
Жеке шекара — әр адамның құқығы.