Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің «№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бұл видеоны балаңызға көрсетіңіз — бұл оларды қиындықтан сақтап қалуы мүмкін.
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап Қазақстанда дроп үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді (ҚР ҚК 232-1-бап).
Бұл нені білдіреді?
Интернеттегі қылмыскерлер жасөспірімдерді алаяқтық схемаларға тартып, «жеңіл табыс» уәде етеді:
 «Картаңды бер – пайыз аласың»
 «Атыңа есепшот аш та бізге бер»
 «Жай ғана аударымды қабылда да, ақшаны шешіп ал»
Бейқам ұсыныс сияқты көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде — бұл қаржылық алаяқтыққа қатысу.
Балаңыз қылмысқа қатысы барын өзі де білмей қалуы мүмкін.
Карта бұғатталады, баланы полицияға шақыруы мүмкін. Ата-аналар да жауапкершілікке тартылуы ықтимал. Ал қылмыскерлер қорқытып, мәжбүрлеуге көшеді.
Балаларға міндетті түрде:
Карта деректерін, кодтарды ешкімге беруге болмайтынын
Күмән тудыратын жағдайда ата-анасына немесе сенімді ересекке бірден айту керек екендігін түсіндіріңіз.
Балаларыңызды қорғаңыз. Бұл туралы бүгін айтып беріңіз!