0 “Ә” сыныбының қоңырауды тиімді пайдалануы
Біздің балдырғандар қоңырау уақытын мәнді әрі ұлттық рухта өткізуге үйреніп келеді.
Қысқа үзілістерде балалар:
Асық ойнап,
“Қара жорға” биін билеп,
Қазақтың ұлттық ойындары арқылы қимыл-қозғалысын дамытып, бір-бірімен достық қарым-қатынас қалыптастыруда.
Мұндай ойындар балалардың шапшаңдығын, икемділігін арттырып қана қоймай, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін де оятады.
Тәрбиешісі: Бейсембинова Шырайлым Мейрамбекқызы