13.10.2025 мектебімізде лездеме өтті!
Лездеме барысында өткен аптаның қорытындылары шығарылып, қазан айының 3 аптасының дәйексөзі “ Отанды сүю - отбасынан басталады!”жарияланды және кезекші сынып тағайындалды.
Сондай-ақ, оқушыларымыздың жетістіктері атап өтілді:
9 “А” сынып оқушысы Урманбек Қанағат — Ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар, ерлер мен әйелдер арасындағы Семей қаласының ашық чемпионатында 79 кг салмақ дәрежесінде II орын иеленді.
8-сынып оқушысы Бердібек Айзере — Ақтамберді жыраудың 350 жылдығы мен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған І облыстық “Сөз дода” шешендік өнер байқауына белсене қатысқаны үшін марапатталды.