23 наурыз – Тазалық күні
Наурыз мерекесі қарсаңында мектебімізде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Оқушылар мен ұстаздар бірлесіп, мектеп ауласын тазалап, айналаны ретке келтірді. Бұл игі шара – қоршаған ортаға деген қамқорлық пен жауапкершіліктің жарқын көрінісі болды.
Бірлікпен атқарылған еңбек әрдайым нәтижелі!
Тазалық – мәдениеттің белгісі. Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз.