20 наурыз — Дүниежүзілік ауыз қуысының денсаулығын сақтау күніне орай, мектебімізде стоматологиялық аурулардың профилактикасын насихаттау мақсатында «Болашаққа – сау тіспен» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі міндеттері:
Оқушылардың ауыз қуысы гигиенасына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
Салауатты өмір салтын және аурулардың алдын алу шараларын кеңінен дәріптеу;
Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Флешмоб барысында оқушылар денсаулықты сақтауға шақыратын ұрандар мен би қимылдары арқылы маңызды тақырыпқа назар аудартты. Біз әр оқушының денсаулығына бей-жай қарамайтын, саналы ұрпақ тәрбиелеуге басымдық береміз.