2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Кітап – рухани қазына» тақырыбында 10-сынып оқушыларымен сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – кітаптың тұлға қалыптастырудағы маңызын терең түсіндіру, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамыту, өз пікірін еркін жеткізіп, дәлел келтіру дағдыларын жетілдіру, сондай-ақ оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шара барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі орны мен рухани құндылық ретіндегі маңызын талқылап, өз ойларымен бөлісті.
Сынып жетекшісі: Н.Б. Мухтарова