Абай облысы білім басқармасының Курчатов қаласы білім бөлімінің
«№4 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
«Жаратылыстану-математикалық ғылымдар – прогресс негізі» атты онкүндіктің қорытындысы
02–13 ақпан аралығында «Жаратылыстану-математикалық ғылымдар – прогресс негізі» атты онкүндік өткізілді. Онкүндіктің мақсаты – оқушылардың математика және жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, логикалық ойлау және зерттеушілік дағдыларын дамыту болды.
Онкүндік 02.02.2026 ж. салтанатты ашылуымен басталып, 5–11 сынып оқушылары қамтылды. Жалпы онкүндік барысында 10 ашық сабақ, 7 танымдық-ойын іс-шаралары жоспарланды.
Өткізілген ашық сабақтарға талдау
Ашық сабақтар математика, физика, химия, биология және география пәндері бойынша өткізілді
Алгебра пәні бойынша:
8 сынып оқушыларымен 13.02.күні «Квадраттық функция және оның графигі» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.
Мұғалімі: Кенжебек Ділдә
Оқу мақсаты: 8.4.1.3у түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін білу және графигін салу;
Сабақ мақсаты: y = ax² + bx + c (a ≠ 0) түрінтдегі квадраттық функцияның негізгі қасиеттерін (төбесі, симметрия осі, ашылу бағыты, мәндер жиыны, нөлдері) анықтайды және оның графигін салады
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі «Сөйлемді жалғастыр» айдары. оқушылардың бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлауына жағдай жасап, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және құндылық пен таныстыру мақсатында сөйлемдер оқылып, оны оқушылар өз беттерінше жалғастырды.Сөйлемдер мына мазмұнда болды:
Жасампаздық және Жаңашылдық
– Жаңа ой тапқанда мен … сезінемін.
– Болашақта мен ойлап табатын зат – …
– Жаңашыл адам әрқашан …
– Жаңа идеяны жүзеге асыру үшін ….
Сабақтың басы: Үй тапсырмасын сұраудан басталды.№3,3 есепті Quizizz платформасымен тексерді. QR арықылы ұялы телефондарымен сканер жасап үй тапсырмасын тест түрінде тексеріп, қаншалықты дұрыс орындағандарына көз жеткізді. Әрі қарай экранда қайталау сұрақтары оқылды. Оқушылар өткен тақырыпты естеріне түсіре отырып, жаңа тақырыпқа өтті. Тақтада жаңа тақырып түсіндіріліп, алғашқы тапсырма берілді. Алғашқы тапсырма топтық жұмыс болды. Оқушылар топқа берілген тапсырмаларды берілген уақытта орындап, топпен кезекпен қорғады, топ басшылары бағалау парағына бағаларын қойып отырды. Екінші кітаппен жеке жұмыс орындады, дескриптормен танысқан оқушылар бірден жеке жұмысқа кірісіп кетті, тақтаға кезекпен оқушылар жеке тапсырма орындауға шықты. Орында тақтадан бұрын орындаған оқушылар белсенділктерімен
көзге түсіп, есептерінің дұрыстығына қарай бағаланып отырды. Келесі тапсырма сабақты қорытындылауға арналған ,яғни, бекіту тапсырмасы болды. Ол тапсырма Joiteka платформасының көмегімен жасалған квест ойыны болды. Квест ойынында жалпы 5 сұрақ болды сол сұрақтармен оқушылар сабақты қандай деңгейде түсінгендерін көрсетті.
Сабақтың соңы: Жасанды көмекші арқылы оқушылар кері байланыс береді.
-Түсіндім, -Сұрақтарым бар, -Түсінбедім
Үй тапсырмаларын жазып алады Үйге тапсырма:№3,7 есеп
Бағалау парақтары жиналып оқушылардың бағалары қойылды. Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты. Сабақ мақсатына қол жеткізілді. Уақыт тиімді пайдаланылды. Кейбір оқушыларға қосымша бағыт-бағдар беру қажет болды. Арнайы тапсырмалар дайындап келген оқушылар болды, оларда өз тапсырмаларын тиянақты түрде орындады. Жалпы сабақ өз деңгейінде өтті.
Пәні: Алгебра және анализ бастамалары
Пән мұғалімі Қаиыржанова Мадина Маратовна
11-сыныпта «Алгебраның негізгі теоремасы» тақырыбына ашық сабағына өткізілді.
Сынып деңгейі: Орташа үлгерім. Сабақтың мақсаты: Алгебраның негізгі теоремасын және оның салдарларын біледі;
Сабақ басында сынып ішінде жағымды ахуал орнатылды. Оқушылар сабақты жақсы көңіл-күймен бастады. Қазіргі сабақ талабына сай сабақ барысында заманауи ЖИ құралдар қолданылды. Үй тапсырмасын тексеруде Nearpod.com платформасының қолданылуы оқушыларды сабаққа жылдам жұмылдырса (engagement), қорытынды кезеңдегі рефлексияның телефон арқылы ЖИ көмегімен жасалуы сабақтың технологиялық деңгейін көрсетті.
Сабақта өзін-өзі бағалау картасының қолданылуы келесідей нәтижелер берді:
Тұлғалық жауапкершілік: Оқушылар өз білімінің деңгейін (түсіндім, жартылай түсіндім, көмек қажет) нақты критерийлер бойынша объективті бағалауға үйренді.
Кері байланыс: Мұғалім үшін әр оқушының «өсу аймағын» анықтауға мүмкіндік туды. Бұл орташа үлгерімді сынып үшін мотивацияны арттырудың тиімді құралы.
Сабақ соңында оқушылар телефон арқылы ЖИ мүмкіндіктерін пайдаланып, өткен тақырып бойынша 3 сөйлемнен тұратын рефлексия жасады.
Бұл тәсіл оқушыларға өз ойын жинақтап, негізгі түйінді (концепцияны) қысқа әрі нұсқа тұжырымдауға көмектесті.
Технологияны (смартфондарды) оқу мақсатында қолдану оқушылардың цифрлық мәдениетін қалыптастырады.
Сабақ барысында әр түрлі әдістер қолданылды. Атап айтатын болсақ, домино,сұрақ-жауап және т.б. Бұл әдістер теориялық материалды практикалық есептермен ұштастыруға мүмкіндік берді. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылар арасындағы ынтымақтастық орта нығайды.
Сабақ "4К" моделіне (критикалық ойлау, креативтілік, коммуникация, кооперция) толықтай сай келеді. Бағалау карталары арқылы оқушының өзін-өзі реттеуі (self-regulation) жүзеге асса, ЖИ менNearpod-ты қолданылуы қазіргі заманға сай.
Қорытынды: Сабақ сәтті өтті, қойылған мақсаттар орындалды. Орташа үлгерімді сынып үшін осындай интерактивті формат материалды меңгеру сапасын 25-30%-ға жақсартуға септігін тигізеді.
Физика пәні бойынша:
9ә Сыныбы:
Күні: 05.02.2026
Пән мұғалімі: Ежекенова Лязат Рамазановна
Тақырыбы: «Тербелістер кезіндегі энергияның түрленуі»
Оқу мақсаты: 9.2.5.4 – тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттау
Сабақ мақсаты: Тербелмелі процесте энергияның сақталу заңын сипаттайды.
Бұл сабақ «Тербелістер және толқындар» бөліміндегі энергия ұғымын тереңдетуге арналған. Алдыңғы сабақтарда оқушылар тербеліс периоды, жиілік, амплитуда және гармоникалық тербеліс теңдеуімен танысты. Осы білімдер бүгінгі сабақта энергияның сақталу заңын түсіндіруде негіз болды. Яғни сабақ алдыңғы тақырыптардың логикалық жалғасы болып табылады.
Сыныпта белсенді және физика пәніне қызығушылығы жоғары оқушылар бар. Сонымен қатар есеп шығаруда қиналатын 4–5 оқушы бар. Сабақ барысында оқушылар топтық жұмысқа белсенді қатысты, атап айтқанда Самғат, Али, Талант, Алижан, Іңкәр, Зейін ұйымдасқандық деңгейі қалыпты болды. Сабақ мақсаты толық орындалды. Оқушылар: Маятниктегі энергия түрленуін түсіндірді; Серіппелі тербелістегі энергия формуласын қолданды;Гармоникалық тербеліс теңдеуінен негізгі шамаларды анықтады.
Сабақта қолданылған әдістер мен ресурстар: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, танымдық,саралап оқыту, визуалды және тәжірибелік әдістер. Серіппелі маятник және математикалық маятник және виртуальды зертхана онлайн ресурстар (Wordwall, Bilimland, https://phet.colorado.edu)
Сабақтың басында психологиялық ахуал «Маятник көңіл күйі» ұйымдастырылып, «рандом» әдісі бойынша оқушылар үш топқа «Потенциалдық энергия», «кинетикалық энергия», «толық энергия» болып топтасты. Бағалау парағы ұсынылды.
Үй тапсырмасы онлайн ресурс Wordwall платформасы арқылы оқушылар сұрақтарға жауап берді. Үй тапсырмасы бойынша білім деңгейі жақсы байқалды. Оқушылар қол көтеріп белсенді қатысты.
Тапсырмалар мен бағалау әдістері:Сабақтың негізгі кезеңінде – топтық тапсырмалар бағалау критерийі: математикалық маятниктің мен серіппелі маятник тербелісі кезіндегі энергияның сақталу заңын сипаттайды алды дескрипторлар арқылы бағаланды. Оқушыларға тербелістердегі энергияның түрленуін түсіндіріп, тербелмелі процестерде энергияның сақталу заңын түсіндіріп, өздерінің теориялық білімдерін қолдануына мүмкіндік берілді.
2 тапсырма деңгейлік тапсырмалар оқушы жеке орындап , бағалау үлгі бойынша өз-ара бағалау жүргізілді.Бұл кезеңде оқушылар потенциалдық және кинетикалық энергия формулаларын қолданды. Максимал кинетикалық энергияны есептеді; Гармоникалық тербелістің параметрлерін анықтады.Нәтижесінде оқушылар теорияны практикамен байланыстыра алды. Әрбір тапсырма бойынша оқушыларды нақты дескрипторлар арқылы бағаладым. Бұл әдіс оқушылардың қандай аспектілерді дұрыс меңгергенін айқындап, олардың күшті және әлсіз жақтарын көрсетті. Сабақ соңында оқушылар ауызша рефлексия жүргізді - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет арқылы оқушылардың сабақты қалай түсінгені туралы ақпарат алдым, ол менің сабақты әрі қарай жақсартуыма мүмкіндік береді.
Ұсыныстар:
Алдағы сабақтарда мен қолданған әдістер мен тәсілдерді тағы да жетілдіріп, әсіресе ЖИ көбірек қолдануды жоспарлап отырмын. Оқушылардың тереңірек түсінуі үшін көп практикалық тапсырмалар мен қосымша мысалдар беру қажет екенін байқадым. Сабақтың қарқынын үнемі бақылап, әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырмаларды бейімдеу керек.
Қорытынды:
Жалпы, сабағымды жақсы ұйымдастырдым деп санаймын. Оқушылар көпшілігі тапсырмаларды орындап, тербелістердің энергиясын дұрыс түсінді. Келесі сабақтарда кері байланыс пен тапсырмалардың күрделілігіне көбірек көңіл бөлемін.
Күні: 05.02.2026
Сынып: 7 «А»
Физика пәні мұғалімі Рашкен Әділбек Сейсенбекұлы
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық қысым. Атмосфер. өлшеу.
Сабақтың мақсаты: - Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
Сабақтың мақсаты - атмосфералық қысым ұғымын түсіндіру, оның биіктікке тәуелділігін және өмірдегі көріністерін анықтау, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту болды.Сабақ құрылымы оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланды. Сабақтың түрі - жаңа сабақ, жаңа сабақты қызықты өткізу мақсатында топпен жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс пайдаланылды. Көрнекіліктердің ішінде: презентация, интерактивті тақта, цифрлық құрылғылар, жасанды интеллект, жұмыс парақтары.
Сабақтың басы. Сабақ басында оқушыларды жасанды интеллект көмегімен үш топқа (Биіктік, Қысым, Ауа) бөлу жүзеге асырылды. Бұл әдіс оқушылардың қызығушылығын арттырып, заманауи технологияны орынды қолдануға мүмкіндік берді.Топқа бөлу үдерісі оқушылардың эмоционалдық белсенділігін арттырып, сабаққа жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Өткен тақырыпты бекіту мақсатында «Ашық микрофон» әдісі қолданылды. Оқушылар қысым, Паскаль заңы, қатынас ыдыстар туралы қысқа әрі нақты жауап берді.
Бұл кезеңде: - білімнің беріктігі тексерілді
Өткен тақырыпты бекіту мақсатында «Ашық микрофон» әдісі қолданылды. Оқушылар қысым, Паскаль заңы, қатынас ыдыстар туралы қысқа әрі нақты жауап берді.
Бұл кезеңде: - білімнің беріктігі тексерілді;
- оқушылардың сөйлеу мәдениеті дамыды;
- жаңа тақырыпқа логикалық негіз қаланды.
Әдіс оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Сабақтың ортасы. Су толған стақанды қағазбен жауып төңкеру тәжірибесі көрсетілді. Оқушыларға: «Су неге төгілмейді?» деген проблемалық сұрақ қойылды.
Бұл тәжірибе арқылы:
атмосфералық қысымның бар екендігі дәлелденді;
оқушылар себеп-салдар байланысын анықтады;
зерттеушілік дағды қалыптасты.
Атмосфера, ауа қабаты, атмосфералық қысым ұғымдары түсіндірілді. Э. Торичелли тәжірибесі мен барометр анероид туралы мәлімет берілді.
Теориялық материал:көрнекілік арқылы;сұрақ-жауап әдісімен;формула жаздыру арқылы меңгертілді. Оқушылар жаңа терминдермен танысты
Әр топқа есептік, теориялық және видеосұрақ берілді. Видеосұрақтар тарихи ғалымдар бейнесі арқылы ұсынылды.
Бұл кезеңде:
функционалдық сауаттылық дамыды;өмірмен байланысты талдау жасалды;есеп шығару дағдылары бекітілді;сыни ойлау қалыптасты.
Топтар өз жұмыстарын қорғап, дәлелді жауап берді.
Жұптық жұмыс парақтары арқылы оқушылар жеке білімдерін тексеріп, кейін өзара бағалау жүргізді.
Бұл кезеңде:жауапкершілік қалыптасты;өзін-өзі және бірін-бірі бағалау жүзеге асты;білімді бекіту орын алды.
Сабақтың соңы. Wordwall платформасы арқылы «Сөйлемді аяқта» тапсырмасы орындалды. Интерактивті әдіс оқушылардың қызығушылығын сақтап, сабақты қорытындылауға мүмкіндік берді.
Рефлексия және бағалау.
ЖИ көмегімен жасалған рефлексиялық веб-бет арқылы оқушылар кері байланыс берді. Бұл әдіс оқушылардың сабақ бойынша пікірін жедел алуға мүмкіндік берді.
Сабақ соңында 10 балдық жүйе бойынша өзін-өзі бағалау жүргізілді.
Ұсыныс: Келешекте уақытты одан әрі ұтымды жоспарлау және кейбір күрделі ұғымдарды визуалды сызбалар арқылы тереңдету қажеттігін ескеремін.
Қорытынды: Сабақ құрылымы жүйелі және логикалық байланыста өтті. Теория мен тәжірибе ұштастырылып, проблемалық сұрақтар мен өмірлік жағдаяттар арқылы оқушылардың қызығушылығы арттырылды. Топтық және жұптық жұмыстар оқушылардың бірлескен әрекетін дамытып, өзара бағалау мәдениетін қалыптастырды.
Заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллект элементтерін орынды қолдану сабақтың тиімділігін арттырды. Оқушылар белсенділік танытып, тақырыпты саналы түрде меңгергенін көрсетті. Жалпы, сабақ мақсатына жетті деп есептеймін.
8 А сыныбында 09.02.күні физикадан пән мұғалімі Темирбекова Зарина Сермагамбетовна «Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты мен оқу мақсатының сәйкестігі
Сабақ мақсаты оқу бағдарламасындағы 8.4.2.11 оқу мақсатына толық сәйкес құрылды. Сабақ барысында оқушылар өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау заңдылықтарын меңгеріп, тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану арқылы есептер шығарды.
Сабақ соңында оқушылардың көпшілігі:тізбектей және параллель жалғаудың айырмашылығын түсінді; формулаларды дұрыс қолданды;есептерді өз бетінше шығарды.
Оқу мақсатына қол жеткізілді.
Сабақ құрылымының тиімділігі
Сабақтың басында ұйымдастыру кезеңінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылды. Құндылықтарға негізделген мотивациялық жұмыс жүргізілді. Топқа бөлу тиімді ұйымдастырылды.
Үй тапсырмасын тексеру барысында Ом заңы бойынша білімдері пысықталды.
Қорытынды: Оқушылар сабаққа белсенді қатысты, әсіресе Жалғас, Ақбота , Ерасыл, Амина, Ұлпан, Әкбар, Ерғали Ерасыл, Жаңасыл ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты.
Жаңа тақырып өмірмен байланысты мысал арқылы ашылды (гирлянда мысалы).
Сингапур әдісі (Think–Pair–Share) қолданылып, оқушылардың сыни ойлау дағдылары дамытылды.
Топтық жұмыс барысында:
1,2-топ тәжірибелік тұрғыдан жалғау түрлерін зерттеді;
3,4-топ аналитикалық түсіндіру жүргізді;формулаларды дәлелдеп көрсетті.
Жұптық есеп шығару кезеңінде оқушылар Ом заңын қолдану дағдысын көрсетті.
Тиімді жақтары:
Белсенді оқыту әдістері қолданылды.Зерттеу және талдау дағдылары дамыды
Оқушылар бір-бірін оқыту элементтері байқалды
Қиындықтар:
Параллель жалғауда ток пен кернеуді ажыратуда кейбір оқушыларға қосымша түсіндіру қажет болды.Уақытты жоспарлауда аналитикалық талдауға көбірек уақыт бөлу керек
Сабақтың соңы
Рефлексия «Two Stars, One Wish» әдісі арқылы жүргізілді.
Оқушылар өз жетістіктерін саралап, ұсыныс білдірді.
Бағалау дескрипторлар арқылы жүргізілді. Өзін-өзі бағалау әдісі қолданылды.
Құндылықтарды кіріктіру. Сабақта «Жасампаздық пен жаңашылдық» құндылығы жүзеге асырылды.Оқушылар: тиімді шешім іздеді; формулаларды стандартты емес жағдайда қолданды;зерттеу элементтерін орындады.
Жалпы қорытынды: Сабақ құрылымы жүйелі ұйымдастырылды.Оқу мақсатына қол жеткізілді. Оқушылардың теориялық білімдері практикамен ұштастырылды.
Белсенді әдістер оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырды.
Келесі сабаққа ұсыныстар:
Уақыт менеджментін жетілдіру
Информатика пәні бойынша:
Күні.13.02.2026 ж. Сынып: 6 «Ә»
Пән мұғалімі: Телепова Гульзат Кабденгалиевна
Тақырыбы: «Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері»
Оқу мақсаты: 6.3.2.1 Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;
Сабақ мақсаты: Python тілінде арифметикалық әрекеттерді қолдану арқылы өрнектерді жазады
Сабақ басында оқушылармен психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында бір-бірімен әртүрлі тәсілдер арқылы амандасу ұйымдастырылды. Бұл әдіс оқушылардың көңіл күйін көтеріп, сабаққа жағымды атмосфера орнатуға ықпал етті.
Одан кейін оқушылар топқа бөлінді. Топтық ережелер еске түсіріліп, бірлескен жұмысқа бағыт берілді.
Үй тапсырмасын тексеру «Plickers» әдісі арқылы жүргізілді. Бұл әдіс арқылы оқушылар жылдам жауап беріп, білімдерін көрсетті. Цифрлық құралды қолдану олардың қызығушылығын арттырды және жедел кері байланыс алуға мүмкіндік берді.
Келесі кезеңде «Ой қозғау» әдісі арқылы өткен тақырып пен жаңа сабақ арасында байланыс жасалды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылды. Жаңа тақырып түсіндіріліп, арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері мен амалдардың орындалу тәртібі қарастырылды.
Жұптық жұмыс барысында оқушылар берілген тапсырмаларды бірлесіп орындады. Өзара талқылау арқылы қателерін түзетіп, бір-біріне қолдау көрсетті.
Практикалық жұмыс кезінде оқушылар Python бағдарламалау тілін қолданып, арифметикалық өрнектерді орындады. Бұл олардың есептеу дағдыларын дамытып, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты. Сабақ мақсатына қол жеткізілді. Уақыт тиімді пайдаланылды. Кейбір оқушыларға қосымша бағыт-бағдар беру қажет болды. Жалпы сабақ өз деңгейінде өтті.
Химия пәні бойынша:
Күні: 09.02.2026
Сынып: 7 «А»
Химия және биология пәні мұғалімі: Жұмағазиева Орынгүл Қанатқызы
Сабақтың тақырыбы: Химиялық элементтердің жіктелуі
Сабақтың мақсаты: 7.2.1.1-И.Деберейнер, Д.Ньюлендс, Д.И.Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру;
Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталды. Оқушылармен амандасу, түгендеу жүргізілді. Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында «Менің көңіл-күйім» әдісі қолданылды. Оқушылар смайликтер таңдау арқылы өз көңіл күйін білдіріп, сол смайлик артындағы нөмір бойынша 3 топқа бөлінді:
1-топ – «Ғылым бастауында»
2-топ – «Заңдылықты тапқандар»
3-топ – «Жүйе құрушылар»
Бұл әдіс:оқушылардың эмоционалдық белсенділігін арттырды;ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды;сабаққа қызығушылықты оятты.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Wordwall» платформасы қолданылды. Қышқылдар тақырыбы бойынша нақты сұрақтар қойылды.Бұл кезеңде:өткен білімнің беріктігі тексерілді;оқушылардың теориялық дайындығы анықталды;дескрипторлар арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізілді.
Жаңа тақырыпты ашу сурет арқылы жүзеге асырылды. Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойылып, сабақ тақырыбы өздері арқылы анықталды.
Мұғалімнің түсіндірмесі барысында химиялық элементтердің тарихи дамуы, элементтер санының артуы және оларды жіктеу қажеттілігі түсіндірілді.
Оқушылар элементтерді жүйелеуге алғаш қадам жасаған ғалымдардың еңбектерімен танысты.
Топтық жұмыс ұйымдастырылды:
1-топ – Дёберейнер триадалары
2-топ – Ньюлендстың октавалар заңы
3-топ – Менделеевтің периодтық заңы
Тапсырмалар теориялық, өмірмен байланысты және талдау сұрақтарынан тұрды.
Бұл кезеңде:
оқушылар салыстыру дағдысын дамытты;себеп-салдар байланысын анықтады;
тарихи деректерді жүйеледі;ғылыми ойлау қабілеті қалыптасты.
Топтар жұмыстарын қорғап, дескриптор негізінде бағаланды.
Жұптық жұмыста:
элементтерді металл/бейметалл ретінде анықтау;ғалымдарды еңбектерімен сәйкестендіру;
терминдерді дұрыс қолдану тапсырмалары орындалды.
Бұл кезеңде:
пәндік терминология қалыптасты; функционалдық сауаттылық дамыды;
өзара бағалау элементтері байқалды.
Сабақты бекіту мақсатында «Wordwall» арқылы тест тапсырмалары орындалды.
Рефлексия кезеңінде ЖИ көмегімен жасалған веб-бет арқылы оқушылар:
«Түсіндім»,«Әлі сұрағым бар»,«Түсінбедім» ұяшықтарын таңдау арқылы кері байланыс берді.
.Жалпы қорытынды
Сабақ оқу мақсатына сәйкес жүйелі құрылды. Белсенді оқыту әдістері тиімді қолданылды. Цифрлық ресурстар мазмұнмен үйлесімді кіріктірілді,оқушылардың зерттеушілік дағдылары дамыды;тарихи салыстыру арқылы логикалық ойлау қабілеті артты;ғылыми көзқарас қалыптасты;оқу мақсатына қол жеткізілді.Сабақ мазмұнды, құрылымы жүйелі, нәтижелі өтті.
Ұсыныс:
Саралауды тереңдету. Қабілеті жоғары оқушыларға «Неліктен Менделеев жүйесі өміршең болды?» сияқты жоғары деңгейлі талдау сұрақтарын қосымша беру тиімді болар еді. Пәнаралық байланысты күшейту.Тарих пәнімен байланыс жасап, XIX ғасырдағы ғылымның дамуымен қысқаша байланыстыру сабақтың ғылыми құндылығын арттырады.
Жаратылыстану пәні бойынша:
5 «А» сыныбында «Өсімдік тіршілігіндегі фотосинтездің рөлі» пән мұғалімі Темірбекова Назерке Жетпісқызы ашық сабақ өткізілді.
Сабақта көрнекіліктер мен бейнематериалдар қолданылып, фотосинтез үдерісінің маңызы талданды. Оқушылар табиғаттағы зат айналымын түсінді.
География пәні бойынша:
09.10.2026 күні 9«Ә» сыныбында «Дүниежүзі халқының миграциясы. Қазақстандағы халықтың миграциясы. Миграциялық саясат» тақырыбына ашық сабақ өткізілді.
Пән мұғалімі Болатбекұлы Есбол
- Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарының сәйкестігі
Сабақ тақырыбы оқу бағдарламасына толық сәйкес келеді. Оқу мақсаттары:
9.4.1.2 – дүниежүзі халқы көші-қонының басты бағыттарын, себеп-салдарын түсіндіру
9.4.1.3 – Қазақстандағы көші-қон үдерістерін талдау және басты бағыттарын анықтау
Сабақ мақсаты нақты, өлшенетін, оқу мақсаттарымен үйлесімді құрылған. Оқушылар тек теорияны меңгеріп қана қоймай, талдау дағдысын дамытуға бағытталған.
- Сабақ құрылымы мен кезеңдерінің тиімділігі
Сабақ құрылымы жүйелі және логикалық ретпен ұйымдастыруға тырыстым:
Ұйымдастыру кезеңі
Алдыңғы білімді қайталау (WORDWALL)
Психологиялық ахуал («Көші-қон шеңбері»)
Топтық жұмыс (Bamboozle)
Жұптық жұмыс (терминологиялық талдау)
Жеке жұмыс (Wordwall қорытындылау),Рефлексия (QR арқылы)
Сабақта цифрлық платформалардың қолданылуы (Wordwall, Baamboozle) оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуына мүмкіндік бердім. Әсіресе, топтық және жұптық жұмыстар оқу процесін жандандырып, бәсекелестік элементін қалыптастырды.
- Оқыту әдістері мен тәсілдері
Сабақта келесі әдістер тиімді қолдандым:Интерактивті оқыту,Топтық және жұптық жұмыс
Сұрақ-жауап,Ойын элементтері,Цифрлық технологияларды қолдану
«Миграция» терминінің шығу тегінен бастап түсіндіру оқушылардың ғылыми тілде ойлауына жағдай жасап. Жұптық жұмыста ғылыми терминологияны қолдану талдау және қолдану деңгейіндегі дағдыларын дамыттым.
- Бағалау жүйесі
Сабақта қалыптастырушы бағалау жүйелі жүргіздім:
Әр дұрыс жауапқа балл беру
Дескрипторлар арқылы бағалау
Жұптық өзара бағалау
Қорытынды тапсырма арқылы тексеру
Бағалау критерийлері нақты қойылған. Оқушылар өз нәтижесін бірден көріп, кері байланыс алып отырды. Бұл оқу мотивациясын арттырды.
- Құндылықтарды қалыптастыру
Сабақ барысында келесі құндылықтар көрініс тапты:
Құрмет – топтық жұмыс кезінде;Ашықтық – пікір білдіру кезінде,Еңбек және шығармашылық – тапсырмаларды орындау барысында.Психологиялық ахуал кезеңі оқушылардың еркін ой айтуына ықпал еттім.
- Жетілдіруді қажет ететін тұстар
Қазақстандағы көші-қон статистикасына нақты деректер қосу арқылы талдау бөлігін тереңдетуге болады.Саралау элементтерін (қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырма) күшейтуге мүмкіндік бару.Сабақ соңында қысқаша қорытындыны оқушылардың өздеріне жасату тиімді болар еді.
Жалпы қорытынды баға:Сабақ әдістемелік тұрғыдан дұрыс құрылған, заманауи талаптарға сай ұйымдастырылған деп есептеймін. Оқу мақсаттарына қол жеткіздім. Оқушылар көші-қон түрлерін, бағыттарын және Қазақстандағы үдерістерді талдай алды .Жалпы бағалау:Өз деңгейінде өткізілген ашық сабақ деп бағалаймын .
Онкүндік аясында:Танымдық және сыныптан тыс іс-шаралар
«Математикалық викторина» ойыны
«Табиғат детективі» сайысы
«Ақылды қимыл – Smart break»
«Физикалық ребустар»
«Гео-батл» жылдам сұрақтарысияқты іс-шаралар жоспарланды. Ауа райына байланысты қашықтан оқыту болғандықтан «Табиғат детективі» сайысы, «Физикалық ребустар», Химия-биология пәндері бойынша қызықты ойындар, «Гео-батл» жылдам өтілмеді. Ал өткізілген іс шаралар оқушылардың логикалық ойлауын, жылдам шешім қабылдау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттырды. Әсіресе жоғары сынып оқушылары белсенділік танытып, өз білімдерін сайыс форматында көрсете білді.
05.02.2026 күні үзілісте 5-6 сынып оқушыларымен оқушылармен «Ақылды қимыл – Smart break» қозғалмалы ойын сайысы информатика пәні мұғалімі Телепова Гульзат Кабденгалиевна ұйымдастыруымен өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Жылдам ойлау және шапшаңдық қабілетін дамыту.Сандық технологияны (QR-код) қолдану арқылы қызығушылығын арттыру.Компь ютер құрылғылары туралы білімдерін бекіту.
Үзіліс 15 минутқа жоспарланды. QR-код алдын ала дайындалды.
Телефон арқылы сканерлегенде әртүрлі мимика (бет-әлпет қимылы) суреттері шығатындай етіп ұйымдастырылды. Тәтті сыйлықтар дайындалып, сыртына компьютер құрылғыларының суреттері жапсырылды.Оқушылар жұппен, бір-біріне қарсы отырып орналастырылды.
I кезең – «Мимиканы қайтала» ойыны. Оқушылар QR-кодты телефон арқылы сканерледі.
Экранда шыққан мимиканы суретке қарап қайталады. Ең дұрыс әрі жылдам орындаған оқушылар тәтті сыйлықпен марапатталды.
Нәтижесі: Балалардың қызығушылығы жоғары болды.Көңілді атмосфера қалыптасты.Эмоциялық сергіту жүзеге асты.
II кезең – «Құрылғыны тап» ойыны
Екі оқушы бір-біріне қарсы отырды.
Олардың алдында компьютер құрылғыларының суреттері жапсырылған тәттілер орналастырылды.
Мұғалім бір құрылғының атын атады (мысалы: пернетақта, тінтуір, монитор).
Оқушылар жылдамдықпен сол құрылғының суреті бар тәттіні алуы керек болды.
Нәтижесі:Шапшаңдық пен зейін дамыды.Компьютер құрылғыларының атауларын есте сақтау қабілеті нығайды.Бәсекелестік арқылы белсенділік артты.
- Пайдаланылған әдіс-тәсілдер
Ойын технологиясы,Цифрлық технология (QR-код),Жарыс элементі,Марапаттау әдісі
- Артықшылықтар
Қысқа уақытта жоғары белсенділік болды.
Оқушылардың көңіл-күйі көтерілді.
Теориялық білім ойын арқылы бекітілді.
Сандық сауаттылық элементтері қолданылды.
Қорытынды
15 минуттық үзіліс тиімді, қызықты әрі мазмұнды өтті. Ойын арқылы оқушылардың эмоциялық сергітуі, жылдам ойлау қабілеті және компьютер құрылғылары туралы білімдері дамыды. Мұндай форматтағы үзілістерді алдағы уақытта да өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
«Математикалық викторина»
Қорытынды
Онкүндік аясында өткізілген ашық сабақтар мен іс-шараларға пән мұғалімдері белсенді қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Әр өткізілген сабақтан кейін талдау жүргізіліп, мұғалімдер әдіс-тәсілдердің тиімділігі, оқу мақсаттарының орындалуы және оқушылардың белсенділігі жөнінде пікір алмасты.
Сабақтарға басқа пән мұғалімдерінің қатысуы кәсіби шеберлікті арттыруға, жаңа педагогикалық технологиялармен танысуға және тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді. Әріптестер арасында сындарлы кері байланыс орнап, тиімді әдістер мен жұмыс түрлері ортақ тәжірибеге енгізу ұсынылды.
Жалпы онкүндік барысында қойылған мақсат-міндеттер орындалып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы артқаны байқалды. Іс-шаралар білім сапасын көтеруге және мұғалімдер арасында шығармашылық ынтымақтастықты нығайтуға оң әсерін тигізді.